Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мамыр айында ғарыштан келетін қауіп жөнінде ақпарат таратуда

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2022 жылғы 6 мамырда жерге орасан зор метеорит құлайтыны туралы жалған ақпарат тараған. Ол динозаврлар жойылған кездегіден де ең қауіпті болады делінген. Бұл хаттардың жалған екенін мамандар түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake порталына сілтеме жасап.

Бұл 2009 жылы табылған “2009 JF1” деп аталатын метеорит туралы дерек.  Мамандардың пікірінше оның мөлшері салыстырмалы түрде кішкентай. Диаметрі небары 10 метр. Бұл 2013 жылы Челябинск маңында құлаған астероидтың мөлшерінен әлдеқайда аз.

Бұл тұрғыда Египет пирамидасының өлшемімен бірдей деген сөз өте асыра айтылған ақпарат.  Мысырда барлығы әртүрлі мөлшердегі 118 пирамида бар. Гизадағы ең үлкен пирамиданың биіктігі 147 метрге жетеді. Бұл 2009 JF1 астероидінің мөлшерінен бірнеше есе көп.



Ғалымдардың пікірінше шынымен де 2022 жылдың 6 мамырында метеориттің жермен соқтығысуы мүмкін. Бірақ мұндай оқиғаның ықтималдығы 1-ден 140 000-ға дейін. Астероидтың планетамызға құламау ықтималдығы әлдеқайда жоғары.

Жердегі тіршілікті жоюға қабілетті үлкен метеорит туралы қорқынышты тақырыптар асыра сілтеу және адамдарды дүрбелеңге түсіретін айла жасау. 2009 JF1 метеориті салыстырмалы түрде кішкентай және оның жермен соқтығысу ықтималдығы өте төмен.

Талқылау