Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамзатқа төнетін басты қауіпті атады

БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының мамандары адамзатқа төнетін басты қауіпті атады. Сәйкес мәлімдеме ұйымның ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

орман өрті

Біріккен Ұлттар Ұйымы қоршаған орта бойынша бағдарламасының мамандары адамзатқа төнетін қауіптің ең ауқымдысы ретінде орман өрті мен дыбыстық ластануды атады. Мамандар бұлардың адамдарға ғана емес, табиғатқа да кері әсер ететінін айтады. 

Орман өрті салдарынан ағаштар көмірқышқыл газын сіңірушіге емес, зиянды қалдықтар көзіне айналуы мүмкін. Сонымен қатар өрттің өзі судың ластанып, мұздықтардың еруіне әкеп соғуы ықтимал.



Ал ыдыбстық ластану, яғни шулы дыбыстардың көбеюі ұйқы сапасының бұзылуына, шамадан тыс тітіркенгіштікке себепкер болады. Мұның сладарынан адам жүрек аурулары дамып, психикалық күйзеліске шалдығады әрі есту қабілеті төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар өмір сүруге қолайлы тағы бір ғаламшардың табылғанын мәлімдеген. Ол Жерден 117 жарық жылында орналасқан.  

Талқылау