Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатыгездікпен өлтірілген 6 жасар қыздың оқиғасы: бір жыл өтсе де, күдіктілер анықталмапты

Алматыда бір жыл бұрын белгісіз жағдайда көз жұмған алты жасар Лиза Пылаеваның оқиғасы бүкіл халықты дүр сілкіндірген еді. Алайда осыншама уақыт өтсе де, қылмыстық іс әлі де ашылмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лиза

Марқұм қыздың әкесі Александр Пылаев баласының омыртқасы сынғандықтан қаза болғанын айтыпты. Сөзінше, дәрігерлер бүлдіршінді өлі күйінде жансақтау бөліміне орналастырып, оған тамызғышпен дәрі еккен. 

Журналист Дана Орманбаеваның сөзіне сүйенсек, баланың жанында болған бес ересек адам қылмыстық іс болмағанын айтып ақталуда екен. 

"Қылмыс үлкен-кіші болып бөлінбейді. Баланың жанында болып, оны қараусыз қалдырған бес ересек ешнәрсе болмағанын айтып отыр. Шындық әлі ашылмай отыр", - дейді ол. 

Бүлдіршіннің қазасына бір жыл толуына орай "Немолчиkz" қоры президентке үндеу арнапты. 

"Мұндай қылмыстарды полицейлер бірнеше сағатта ашуы керек еді. Дегенмен Лизаның оқиғасы шым-шытыраққа толы, жыл өтсе де әлі шешілмей келеді. Оның қазасын әдейі жасырып отырған болуы керек. Әйтекенмен, ауыр жарақаттары анықталған қыздың ісі неге өз шешімін таппады? Кінәлілердің полиция басшылығымен ауыз жаласуы да ғажап емес", - дейді қор өкілдері. 

Сондайқ-ақ қор өкілдері істегі түсініксіз жайттарды тізіп салды.

"Біріншіден, неліктен дәрігерлер өлі күйінде әкелінген баланың денесіне тамызғышпен дәрі еккен? Ақ халаттылардың кінәсі неге айқындалмай отыр? Не үшін баланы 12 ауруханаға алып келуге ҰҚҚ бұрынғы қызметкері өзі келіскен? Екіншіден, не үшін Рыжаковтар отбасы қыз өліп кетсе де, оны өтірік құтқармақшы болған? Полицейлер неге "жалған куәгерлік еткені үшін" бабы бойынша іс қозғамады?", -деп ашынды олар. 

Бұған қоса Лизаның әкесі екі рет ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, бас прокурорға, Аида Балаеваға, Алматы прокуратурасы мен ПД басшысына жолыққаны айтылды. Олар тиісті тапсырма берсе де қылмытық істің жүргізілуі ілгері жылжымапты. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің бұл іске араласуыңызды сұраймыз. Егер балалардың жұмбақ жағдайда қаза болғаны әлі ашылмай жатыр, полицейлер қайда қарап отыр? Басқа балалардың қауіпсіздігі не болмақ?", - деді қор өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 6 жасар қыз жұмбақ жағдайда көз жұмғаны айтылған болатын. 

Талқылау