Қазақстандықтар интернет жұмысына шағымданып жатыр: Министрлік әлем бойынша ақау шыққанын мәлімдеді
Қазақстандықтар интернетте ақау пайда болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: moneydoneright.com
Интернетте ақау шыққанын әртүрлі ұялы байланыс операторлары мен провайдерлерінің пайдаланушылары хабарлады. Қазақстандықтардың айтуынша, әлеуметтік желілерде және түрлі қызметтерде жүктелу ұзақ уақытты алып жатыр.
Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.
24 қаңтар күні таңертеңнен түске дейін электронды үкімет eGov сайты мен электронды лицензиялау eLicense істемей тұрды.
Ресейде де бүгін интернет істен шықты. Ресейлік қолданушылар мобильді операторлардың ақауларына жаппай шағымданып жатыр.
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов ақау Қазақтелекомнан пайда болғанын мәлімдеді.
“Бүгін Қазақтелеком істен шықты (және мемлекеттік қызметтердің жартысын, сондай-ақ интернеттің байланысын бұғаттап тастады). Бірақ аз уақыттан жұмыс істей бастады. Процессинг қалпына келді, енді бәрі қайта жұмысқа кірісуі керек. Енді барлық жерде екінші арна арқылы оптикалық желілерді тартып, барлық маңызды қызметтер үшін желілік резервтер құрудамыз. Елдегі барлық провайдерлер тоқтап қалса да, процессинг жұмыс істейтініндей етеміз”, – деп жазды ол.
Бірақ кейіннен кәсіпкер Турлов Қазақтелекомнан кешірім сұрады.
“Қазақтелекомнан кешірім сұраймын. Менікі дұрыс болмады. Эмоционалдық жазбаны жарияламас бұрын оқиғаны дұрыс зерттеп алуым керек еді. Бұл біртүрлі реакцияның бір түрі. Оған біздің инфрақұрылым кінәлі екені анық. Мүмкін бұл біздің Ұлттық ақпараттық технологиялар мемлекеттік корпорациясы мен ресейлік операторлардың мәселесі шығар. Бірақ ол да анық емес. Өз ісіме өкініш білдіремін”, – деп жазды кәсіпкер.
Ал Цифрлық даму министрлігі интернеттегі ақауға Meta қызметтері кінәлі дейді.
“Ұялы байланыс пен Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріндегі қазіргі ақаулар ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеді. Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелген. Айта кету керек, бұл ақаулар "ҰАТ" АҚ қызметімен байланысты техникалық ақауларға қатысы жоқ.”, – делінген хабарламада.