Қазақстандықтар енді мемлекеттік қызмет ақысын QR-кодпен төлей алады
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 12 қарашадан бастап электронды үкіметтің төлем шлюзында QR-код арқылы төлем жасауға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қызмет халықаралық төлем жүйесі Visa платформасында жүзеге асырылған. Жобаны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Halyk Bank бірлесіп жасапты.
Төлем жүйесінің бұл түрін қолдану үшін электронды үкімет порталында қызметке тапсырыс беріп, төлем шлюзында "QR-code" HomeBank-ты таңдап, құрастырылған кодты Homebank мобильді қосымшасы арқылы сканерлеуден өткізсеңіз болғаны.
Ескере кетерлік жайт, электронды үкіметтің төлем шлюзы арқылы төлем картасымен, электронды әмиянмен, ұялы телефон балансымен және тапсырыс-шотымен қаржы операцияларын орындауға болады.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"