Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар енді мобильді қосымша арқылы бақылауда болады

Қазақстанда енді коронавируспен ауыратын адамдар басқаларға өздерінің қайда екенін Saqbol қосымшасы арқылы хабарлай алады. Министрліктегілердің сөзінше, бұл қосымша ауруды жұқтыру қаупін азайтады екен, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

телефон

Қосымшаны "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әзрілеген

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында құрылды.

Қосымшаны әзірлеуге республиканың денсаулық сақтау министрлігі де қатысты.

Әзірлеушілердің мәліметінше, қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 үшін оң нәтиже көрсеткен азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.

Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады.

Saqbol қосымшасын пайдалану үшін оны смартфонға жүктеп, шифрланған деректерді беру жүзеге асырылатын Bluetooth функциясын қосу керек.

Қосымша IOS және Android жүйелерінде қол жетімді.

"Барлық қазақстандықтарды осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-дың таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректер қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған.

"Оны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды. Осылайша, осы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға және жұқтырған адамдармен байланысы туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі", - деді Алексей Цой.

Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада денсаулық сақтау министрлігінің бұдан кейінгі іс-қимылдары туралы ұсыныстарымен таныса алады.

Бұдан басқа, пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға өзін-өзі анықтаудың COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр