Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Қазақстандықтар Бишімбаевқа тағайындалған сот үкімімен келісе ме

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Stan.kz ақпарат агенттігі осы сот үкіміне қатысты халықтың пікірін сұрап көрді.

Фото: Stan.kz коллажы

Алматылық әйел әділдік орнағанын және сот үкімінің жазаны 24 жылға тағайындауын дұрыс деп отыр.

“Әділдік орнады! Сот үкімі 24 жыл бергенін дұрыс шешім деп қабылдаймын. Судья оған азырақ береді деп ойладым”, – деді әйел.

Ал басқа ер адамның пікірінше, айыпталушы марқұмды өлтіргісі келмеген.

“Өмір бойына бас бостандығынан айыру тым ауыр секілді. Менің ойымша, ол оны әдейі өлтіргісі келмеді. Бірақ өлтіру дұрыс емес”, – деді ер адам.

Тағы бір қала тұрғыны елімізде мұндай мерзімі жоғары жаза тағайындалғанын естімегенін айтады. Сонымен қатар жұрт оның жазасын толық өтемей, 2-3 жылдан кейін шығып кететіне күмән келтіреді. 

“Мен үшін 24 жыл аз сияқты. Бірақ былай қарағанда ол 68 жасында жазасын өтеп шығады. Сондықтан дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы, 2-3 жыл ішінде оны босатып жібермесе болғаны...”, – деді алматылық жігіт.

Бұдан бөлек алматылықтар алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысын әділ өтті деп санайды.



Еске салайық, 13 мамыр күні судья Айжан Құлбаева экс-министр Қуандық Бишімбаев пен екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа үкім шығарғаны туралы жаздық. Бишімбаев 24 жылға, ал Байжанов 4 жылға сотталды

Судьяның БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі Алма Есімова сот үкімі жарияланғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында экс-министрді өмір бойына бас бостандығынан айыруға қатысты сот алқасының ортақ пікірге келмегенін айтты.

Алма Есімованың сөзінше, Қазақстанның сот тәжірибесінде алғаш рет ересек адамды ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жыл мерзімге жаза тағайындалған.

Талқылау