Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды
2025 жылдың наурыз айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы тойланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:
- Бес күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады: 8, 9 және 10 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
- Алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады: 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі).
Наурыз мейрамы:
- Бес күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
- Алты күн жұмыс істейтіндер төрт күн демалады: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Жалпы алғанда, наурыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалыс алады, ал алты күн жұмысқа баратындар 6 күн демалады.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұр. Қаңтардың бірінші аптасында бес күннің тек біреуі ғана жұмыс күні болса, ал наурызда қатарынан бес күн демалыс беріледі.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”