Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар әкімдік, мектеп және ауруханалардың жұмысын тексере алады

Қазақстандықтар мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының жұмысын тексере алады. Азаматтар мұндай құқыққа 2024 жылдың сәуір айында "Қоғамдық бақылау туралы" заң күшіне енгеннен кейін ие бола алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: businessfm.kz

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, қоғамдық бақылау және әкімшілік істері мәселелеріне қатысты тағы үш Кодекске және он заңға өзгерістер енгізілді.

"Заңда заңдылық, ашықтық пен жариялылық, қоғамдық бақылау субъектілерінің ерікті қатысуы мен тәуелсіздігі сияқты ұғымдар бекітілген", - деді Қадіров.

Мекемелерді тексеруді үкіметтік емес ұйымдар да, кемінде бес адамнан тұратын бастамашыл топтар да жүргізе алады. Олар өздерін қызықтыратын нысанның әкімшілігіне алдын ала хат жолдап, онда нақты мәселелерді тізіп көрсетуі керек. Бұл ретте министр жеке бақылау жүргізу мүмкін екенін айтты.

"Кез келген адамның, мемлекеттік нысанның оның ішінде ұйымдардың, мектептердің, ауруханалардың, балабақшалардың және тағы басқалардың жұмысымен танысуға құқығы бар болады", - деді вице-министр.

Өз кезегінде мұндай хатты алған мекеме тексеру жүргізу үшін барлық жағдайды жасауы керек.

Айта кетейік, он сегіз жасқа толмаған Қазақстан азаматтары, сондай-ақ соттылығы бар, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандар қоғамдық бақылау аясында тексеру жүргізе алмайды.

Талқылау