Ұлттық банк Air Astana акцияларын қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы 25 миллиард теңгеге сатып алған
Ұлттық банк бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен Air Astana әуекомпаниясының акцияларын 24,9 млрд теңгеге сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен Air Astana АҚ акцияларының бастапқы IPO-ға қатысқанын хабарлады.
“14 ақпанда бір акция үшін 1 073,83 теңге бағамен жалпы Air Astana АҚ акциялары 24,9 млрд теңгеге сатып алынды", – делінген хабарламада.
Ұлттық банкке Air Astana АҚ-ның жалпы 23 168 975 дана акциясы сатылған, бұл компанияның шығарылған акцияларының 6,5%-ына тең.
Ұлттық банк әуекомпанияны "жоғары сапалы қазақстандық эмитент" деп атайды және оның жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталған. Бұл ұзақ мерзімді перспективада оның табыстылығын арттыруға ықпал етеді.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген