Қазақстандықтар 2026 жылдың ақпан айында қанша күн демалады
Фото: freepik.com
2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі болып қалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыстың соңғы айы жылдағы ең қысқа ай болғандықтан, қазақстандықтарды барлығы сегіз демалыс күні күтіп тұр.
Сонымен қатар ақпан айында кәсіби және өзге де атаулы күндер бар. Олар жұмыс күніне сәйкес келгенімен, осы салаларға қатысы бар азаматтар оларды атап өтіп, бір-бірін құттықтайды. Кәсіби мерекелердің тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығында жарияланған.
Ақпандағы мерекелер қатарында 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні, 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні бар. Одан бөлек дүниежүзінде Қатерлі ісікке қарсы күрес күні, Адамзаттық бауырластықтың халықаралық күні, Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні секілді мерекелер бар.
-
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
-
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да 14 ақпанда Әулие Валентин күні немесе Ғашықтар күні аталып өтеді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты