Қазақстандық жасөспірім трамплиннен секіруден Кореяда өткен қысқы Олимпиадада алтын медаль еншіледі
2024 жылы Оңтүстік Кореядағы Канвонда өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойыны өтті. Қазақстан алғашқы алтынды еншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Илья Мизерных жеңімпаз атанды. Ол трамплиннен бірінші рет секіргенде, үшінші орында болды. Алайда екінші рет секіргенде, бәрін басып озды.
Екіншісі орынды австриялық Никки Хумль, үшінші орынды польшалық Лукаш Лукашчук алды.
Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер ойындарында алтын алған емес.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыны жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ильяға жаңа жеңістер мен жетістіктер, сондай-ақ Канвондағы басқа да отандық спортшыларға сәттілік тіледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"