Қазақстандық жасөспірім Егор Кридке домбыра сыйлады
Қазақстандық Тимур Тян танымал ресейлік әнші Егор Кридке домбыра сыйлады. Крид 14 жастағы жерлесімізге "Голос.Дети" жобасында тәлімгерлік еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің команданы қолдау үшін ұшып келдім және біз жеңдік. Финалдан кейін Егор барлығымызды мейрамханаға шақырды, біз керемет уақыт өткіздік", – дейді Тимур Тян.
Жасөспірім жобаның аяқталуына орай тәлімгеріне қазақтың ұлттық аспабын сыйлады.
Айта кетейік, жобада 8 жасар Аделия Загребина жеңіске жетті. Ол Егор Кридтің тобында өнер көрсетті. Ал қазақстандық Сағын Өмірбайұлы финалға дейін жетіп, үшінші орын иеленді.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады