Қазақстанның жас таланты жеңілмеген әзірбайжандықпен жекпе-жек өткізеді
Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 55 турнирінде жеңілмеген әзірбайжандыққа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: abay_zhalal Instagram парақшасынан алынды
ММА-ден жас талантты спортшы Абай Жалал 16 ақпан күні Octagon 55 турнирінде жеңілмеген Мехеммед Исмаиловқа (3-0 ) қарсы жұдырықтасады. 61 келіде сынға түсетін Абай үшін бұл кәсіби мансабындағы төртінші жекпе-жек болмақ. Ол осы уақытқа дейін Octagon тұжырымында 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Абай Жалал Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан сияқты саңлақтарды жаттықтыратын Дәнеш Дүнгенбаевтың қол астында дайындалады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өткені туралы жазған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

