Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда компаниялардан түсетін қоңыраулар таңбаланады

абонент
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстанда колл-орталықтар мен заңды тұлғалардан түсетін қоңырауларға арнайы белгі қойылмақ. Байланыс операторлары жаңа талапты 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап енгізуді сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтің айтуынша, қоңырауларды міндетті түрде таңбалау туралы заңнамалық түзетулер қабылданып, олардың бір бөлігі күшіне енген. Қазір министрлік байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеп жатыр.

"Операторлардан ресми өтініш түсті. Олар бұл талапты 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап енгізуді сұрады. Барлық операторға жүйелерін жетілдіру қажет, өйткені олар телефон байланысы қызметін де көрсетеді. Қазір ережелер мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр", – деді Дамир Сейсембеков.

Оның сөзінше, тиісті бұйрық қазанның ортасына дейін қабылдануы мүмкін. Сол құжатта қоңырауларды таңбалау жүйесінің нақты іске қосылатын мерзімі көрсетіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда күзден бастап қоңырау шалған компанияның атауы экранда көрінетіні туралы хабарлаған едік. 

Қарлығаш Асқарова
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2026 11:46