Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды
Зейнеткерлердің азық-түлікке жұмсайтын қаржысы рейтингінде Қазақстан 37-орынға тұрақтады. Finprom.kz талдаушыларының хабарлауынша, қазақстандық зейнеткерлер зейнетақыларының 47,2%-ын азық-түлікке жұмсайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, бұл көрсеткіш Ресейде - 58,9%, Молдовада — 59,2%, Беларусьте — 76,7%, Украинада — 84,9% (Бірқатар себептер бойынша Украинаның статусы даулы - Finprom.kz), - дейді сарапшылар.
Бұл тізімде ең үздік көрсеткішті Норвегия (зейнетақының тек 13,4% азық-түлікке кетеді), Австрия (13,7%) мен Франция (14,3%) елдері көрсетті.
Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
Рейтингке қатысушы елдер арасында ең жоғары зейнетақы Норвегияда — 2 017 доллар. Үздік үштікке Швейцария (1 913 доллар) мен АҚШ (1 663 доллар) кірді.
Қазақстан ТМД елдері ішінде ең жоғары нәтиже көрсеткенімен, ол небәрі 220 долларды құрайды.

