Қазақстандық велоспортшы Аустралияда өтіп жатқан сайыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық Евгений Федоров Воллонгонгтағы (Аустралия) тас жолында велоспорттан Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Ол топтық жарыста үздік атанды (169.8 шақырым).
Мәреге екінші болып Матиас Вачек (Чехия) келді. Норвегиядан келген Сорен Вереншельд үздік үштікті қорытындылады.
Қазақстан бұл турнирде соңғы рет 10 жыл бұрын жеңіске жеткен. Онда Алексей Луценко чемпион атанған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған
