Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасы турнирінің ойынында қызмет етеді
Қазақстандық төрешілер штабы әйелдер арасындағы Ұлттар лигасында өтетін ойында қызмет етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Отандастарымыз әйелдер арасындағы еуропалық турнир матчында жұмыс жасамақ. С лигасындағы 4 топтың командалары Әзірбайжан мен Черногория арасындағы ойында қазақстандық Татьяна Сорокопудова бас төреші қызметін атқарады. Бас төрешіге қапталдан Наргис Мағау және Динара Ыдрысова көмектеседі. Ал матчтағы төртінші төрешіге Эльвира Нұрмұстафина бекітілді.
Бұл ойын 21 ақпан күні Әзірбайжан астанасы Бакуда өтеді. Матч “Лив Бона Деа Арена” стадионында сағат 16:00-де басталады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

