Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" турниріне іріктеу кезеңінің финалына шықты
Қазақстандық теннисшілер Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінде финалдық матчқа жолдама алды. Кукушкин француз Бенджамин Бонзиді екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңсе, Денис Евсеев Титуан Дрогені 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Ал Жұқаев серб Хамад Медьедовичтен үш сетте 6:7, 7:5, 6:4 есебімен басым түсті. Енді Кукушкин финалда Хьюго Гастонмен кездессе, Евсеев бельгиялық Зизу Бергспен жолығады. Ал Бейбіт іріктеу кезеңінің соңғы матчында француз Кентен Галиға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Зарина Диястың "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы айналымын сәтті бастап, таиландтық Мананчэйа Савангкаевті жеңгенін жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

