Зарина Дияс "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғақы матчын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: WTA
Ұзақ уақыт бойы үлкен спорттын тыс қалған Зарина Дияс "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы айналымды сәтті бастады. Отандасымыз іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 208-ракеткасы, таиландтық Мананчэйа Савангкаевпен кездесіп, екі сетте 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Енді ол іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викериге қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Заринаның "Үлкен дулыға" жарыстарындағы басты жетістіктері осы "Уимблдонға" байланысты болғанын айта кетейік. Отандасымыз 2014-2015 жылдары төртінші айналымға дейін жеткен еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

