Қазақстандық теннисшілер Польша құрамасына қарсы екі ойында жеңіске жетті
Юлий Путинцева мен Елена Рыбакина Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогында польшалық екі теннисшіні жеңді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путинцева әлемнің 19-ракеткасы Магда Линеттке қарсы ойын өткізіп, 7:5, 6:3 есептерімен жеңіп кетті. Матч 1 сағат 47 минутқа созылды. Бастапқыда Юлия 0:4, 2:5 есептерімен жеңіліп келе жатқан. Бірақ үш сетбол жасап, қарсыласын озып кетті.
Ал Елена Рыбакина Вероника Фальковскаяны жеңді. Қос сет 6:3, 6:4 есептерімен аяқталды. 1 сағат 26 минутқа созылған матч кезінде Елена 4 эйс жасады.
Ал 15 сәуірде тағы 2 матч пен жұптық 1 матч өткеді.
Қазақстан мен Польша арасындағы кездесу қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрама Билли Джин Кинг кубогының финалына өтеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

