Қазақстандық теннисші алғаш рет әлемдік рейтингке енді
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет АТP рейтингіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстанның жас теннисшісі Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында жариялаған рейтингіне енді. Отандасымыз әлемдік рейтингтің 15-сатысына көтеріліп, өзінің жыл басындағы үздік көрсеткішіне (№12) жақындап келеді. Қазір Астанада ересектер арасындағы челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді.
Айта кетейік, Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында тұр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр

