Қазақстандық тенисші Испаниядағы турнирде финалға өте алмады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 250-ші) Севильяда өтіп жатқан турнирде жартылай финалдық кездесуін өткізді. Спортшы финалға өте алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Скатов испандық Бернабе Сапата Мираллеспен (79-орын) кездесіп, екі сетте – 2:6, 1:6 есебімен ойсырай, жеңіліп қалды.
Бұған дейін турнирде Скатов италиялық Рауль Бранкаччоны (208-орын) – 6:4, 6:4, испандық Хавьер Барранко Косаноны (408-орын) – 6:2, 3:2 (шығарылды) және поляк Ежи Яновичті (971-орын) 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Севильядағы Челленджердің жүлде қоры 97 960 еуроны құрайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

