Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал тұлғалар мен бизнесмендер "VIP сутенердің клиенттер тізімінде" болғаны белгілі болды

Отандық атақты адамдар мен бизнесмендер мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде таратылатын "VIP сутенердің клиенттер тізімінде" болғаны анықталды. Мұнда "әлеуметтік жауапкершілігі төмен” әйелдердің де көп екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі "VIP сутенердің” ұсталғаны туралы маусым айында хабарлаған.

Сипаттамаға сәйкес, "танымал блогер" Love Aika-ның телефон кітапшасынан алынған және қазір желі қолданушылары таратып жатқан тізімге қазақтың белгілі әншілері мен музыканттары, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, ірі топ кәсіпорындар, Қазақстанның ірі қаржы институттарының, жоғары оқу орындарының және басқа да мекемелердің қызметкерлері өкілдері кірген.

Сондай-ақ сол тізімде әдетте "әлеуметтік жауапкершілігі төмен әйелдер" деп аталатын нәзік жандылар өкілдерінің телефондары бар.

Жалпы тізімде телефон нөмірлері бар 300-ге жуық есім бар, олардың кейбірі қазақстандықтардың көпшілігіне белгілі екені айтылады.



Еске салайық, 6 маусымда Ішкі істер министрлігі Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскорт қыздардың "жабық" әлеуметтік желілері жойылғанын хабарлаған болатын. Осы әлеуметтік желілер арқылы, полицейлердің мәліметінше, Алматыда сұлу қыздардың қатысуымен интимдік қызмет көрсетіп, тек ауқатты еркектерге қызмет көрсететін "жеке" секс кештері ұйымдастырылған".

Іс бойынша басты айыпталушы – 25 жастағы алматылық әйел, тергеушілердің айтуынша, "ақша үшін жыныстық қызмет көрсетуге дайын сұлу қыздарды таңдаған, сонымен қатар ауқатты клиенттерді іздеген". 

Тәртіп сақшылары атап өткендей, "сексуалдық бизнесті ұйымдастырушы өзінің Интернеттегі қызметін мұқият бүркеген" және "Instagram әлеуметтік желісінде өзін табысты модель және блогер ретінде көрсете отырып, 100 мыңнан астам аудиторияға ие болған". 

Сонымен бірге полицейлер тінту нәтижесінде күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалар жазылған күнделік тәркіленгенін хабарлады.

Талқылау