Қазақстандық стендапер досымен бірге Киевте қалып қойды
Қазақстандық стендапер Мадияр Нұрманбетов досымен бірге Киевте қалып қойды. Ол елге қалай қайтарын білмей отыр. Бұл туралы әзілкеш Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұрмамбетов Қазақстан елшілігінің өзіне көмек көрсетпегенін айтқан. Стендапер соңғы рет байланысқа кеше, 24 ақпан күні шығыпты. Ондағы видеода Мадияр өзінің аман-сау екенін жеткізген.
"Алаңдап отырғандарға рахмет. Менде бәрі дұрыс. Жағдай түсініксіз, елшілікке хабарладық. Олар Instagram парақшаларына жазылып, ақпарат күтуді сұрады", – деді ол.
- Дәрігер Комаровский ресейліктерге: Мен көмектескен мыңдаған бала қазір менің елімді нысанаға алды
Елшілік парақшасындағы соңғы ақпарат 25 ақпан күні жарияланыпты. Онда 25-26 ақпан күндері Қазақстан азаматтары "Air Astana" әуе компаниясы арқылы елге қайтарылатыны туралы ақпарат қалдырылған.
Киевте қалып қойған Мадияр Нұрманбетов пен оның досын Қазақстан елшілігінің қызметкерлері алып кетті. Олар эвакуациялық рейс арқылы жақын арада елге қайтады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған