Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 60 жолдама жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына 60 жолдама жеңіп алды. Жалпы 90 жолдама болады деп күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде айтып өткендей, атлеттер жеті спорт түрі бойынша жолдама алды. Олар: шаңғы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты.
"Соңғы іріктеу жарыстары 2022 жылы қаңтарда өтеді. Ал квота мен жолдама бөлу 16 қаңтарда аяқталады. Осылан кейін Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы жасақталады", – деп қосты ведомстводағылар.
Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды