Қазақстандық спортшы жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды
Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасының қақпашысы Владимир Никитин бірінші дивизионның А тобындағы шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының 2023 жылғы үздік қақпашысы атанды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі Владимир Никитинді турнирдің үздік қақпашысы, сондай-ақ Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы ретінде танылғанын мәлімдеді.
“Қақпашы үш матчты "нөл етіп" өткізді. Шағылысқан соққылардың пайыздық көрсеткіші бойынша көшбасшы болды - 93,64%, сенімділік коэффициенті 1,5", - делінген хабарламада.
Элиталық жастар дивизионынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес матчта төрт жеңіске жетіп, Венгрия (3:0), Жапония (5:0), Украина (5:0) және Франция (5:1) құрамаларын жеңіп топ жарған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

