Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды
Фристайл-могулдан Анастасия Городко Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Анастасия Городко Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 18 жасар спортшы 71.89 ұпай жинап, бірнеше жыл бұрын алған ауыр жарақаттан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша отандасымыз жапониялық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучидің (69.96) алдын орап кетті.
Айта кетейік, бұл Анастасия Городконың әлем чемпионатындағы екінші алтын жүлдесі. Ол 2022 жылы параллельді могулдан да жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр

