Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық ауыр атлет Ақмолда Сайрамкез Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz
Ақмолда Сайрамкез ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 67 келі салмақта күміс медаль иеленді.
Отандасымыз жұлқа көтеруде 126 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 166 келіні бағындырды. Қоссайыс нәтижесінде Ақмолда 292 келімен күмісті місе тұтты. Ал солтүстік кореялық Ри Вон Джи қоссайыс қорытындысы бойынша 317 келіні (137+180) еңсеріп, жарыс жеңімпазы атанды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

