Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шенеунік карантин талаптарын бұзған әйелі үшін кешірім сұрады

"Қазақстанның электр энергиясы мен электр нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс карантин талаптарын бұзған әйелі үшін кешірім сұрады.

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері мониторингтік топтар 155 нысанды тексеріп, оның 40-ында заң бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, банкет залдарының бірінде полицейлер 200 адамдық тойды тоқтатты. 

Осындай тексерудің бірінде белгілі блогер Әлия Исенова мен энергетика министрлігінің жоғары лауазымды мүшесі Бақытжан Ілиястың әйелі Мадина Сейтбаталованың түнде ойын-сауық мекемелерінде жүргені анықталды. Карантинді бұзушылар жасырынуға да тырысқан жоқ. Олар әлеуметтік желілерге тікелей эфир арқылы шықты. Осы кадрлар бойынша полиция заңсыз жұмыс істеген мекемені тапты.

Бардың иесі үлкен айыппұл төлеуге мәжбүр. Ал шенеунік карантин кезінде қыдырып жүрген әйелі үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды.

“Мен әйелімнің қатысуымен караокеде болған кешегі оқиға туралы айтқым келеді. Мен өз әріптестерім сияқты санитарлық дәрігерлер ұсынған барлық сақтық шараларын қатаң сақтаймын. Мен сіздерден кешегі оқиға үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Мен әйеліме бәрін түсіндірдім, бұдан былай бұл қайталанбайды”, – деді "Қазақстанның электр энергиясы мен электр нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда вакцинаға қарсы блогер Әлия Исенова мен шенеуніктің әйелі Мадина Сейтбаталова карантин талаптарын бұзғаны үшін ұсталған еді. 


Қазақстандық репетитор мәскеулік жасөспірімді ата-анасынан 17 миллион теңге ұрлауға көндірген

Талқылау