Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сериал актері демеушілік еткен әйелді сексуалдық қысым көрсетті деп айыптады

түсірілім жыныстық қысым
Фото: mothership.sg

Қытайлық актер сериал түсіріліміне тапсырыс берген ауқатты әйелді сексуалдық сипаттағы қысым көрсетті деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TVBS News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Қытайда ауқатты әйел режиссер Мэн Синьмен байланысып, 50 бөлімнен тұратын микродрама түсіруге қаржы бөлетінін айтқан.

Меценат әйел басты рөлде 23 жастағы актер Чжун Юйфэй ойнауы керек деп талап еткен. Ал өзі басты рөлдегі әйелдісомдайтынын айтқан. Сонымен қатар ол сериалда басты кейіпкерлер арасында 60 сүйісу көрінісі болуы керек деп талап қойған.

“Түсірілім басталғаннан кейін әйел мені қайта-қайта сүйе бастады. Әр дубль кезінде актриса сүйісу көрінісін шынайы орындады”, – дейді Юйфэй.

Бұдан бөлек, әйел сценарийден жиі ауытқыған. Мысалы, актердің тізесіне отырып алған. Юйфэй мұның өзіне ұнамайтынын айтқанда тапсырыс беруші әйел жанжал шығарып, түсірілім тобына беретін қаржысын тоқтататынын айтып қорқытқан.

“Түсірілім аяқталғаннан кейін дистрибьютор сериалда сүйісу көріністері тым көп екенін айтып, олардың 20-сын алып тастады”, – дейді режиссер Синь.

Бұған тапсырыс беруші әйел наразылық білдіріп, түсірілім тобына қалған 30 мың юаньды төлеуден бас тартқан. Бұл шамамен шамамен 2,1-2,2 миллион теңгеге тең.

Осыдан кейін Синь болған жағдайды көпшілікке жария еткен.
 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 09 Тамыз, 2026 19:37