Қазақстандық шахматшы нашар интернет салдарынан халықаралық турнирден шығып қалды
Гроссмейстер Динара Сәдуақасова нашар интернет салдарынан Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығынан Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр екенімді өкінішпен хабарлаймын. Мен турнирге шахмат жағынан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда үнемі интернетте проблемалар болды. Халықаралық гроссмейстер Lei Tingjie-мен өткен 7-турдың соңғы ойынында менде уақыт жағынан басымдық және ат эндшпилінде 3-те 2 артық жүріс болды, бірақ тұрақсыз интернетке байланысты мен уақытты кешіктірдім", - деді Сәдуақасова.
Ол әр партияда интернет жайлы көбірек ойлануға тура келгенін атап өтті.
"Мен үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын", - деп қорытындылады шахматшы.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы
