Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын жеңді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әзірге ойындағы есепте әлемнің жұлдызды командасы алда келеді, бірақ біздің Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингі ең жоғары әйел шахматшыны жеңді! Бұл нағыз сенсация!
Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, бұл шынымен де тамаша жеңіс!" – деп жазылған аlga.peterburg Instagram парақшасында.
Еске салайық, Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орын алған болатын.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

