Қазақстандық сарбаздар Мәскеудегі Жеңіс шеруінде жүріп өтті: Тоқаев еліміздің жауынгерлеріне орнынан тұрып құрмет көрсетті
Қазақстанның Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Мәскеудің Қызыл алаңымен жүріп өтті. Олардың шеруін трибунадағы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орнынан тұрып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс шеруінде бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастауымен 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері жүріп өтті.
Айта кетейік, салтанатты шеруге қатысушы мемлекеттер орыс алфабиті бойынша кезек-кезекпен бой түзеді. Қазақстандық сарбаздар Үндістаннан келген қонақтардан кейін алаңға саппен шықты.
Парад жүргізушісі болса қазақстандық жауынгерлерді "Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырыпты.
Сондай-ақ Қазақстан тарапынан президенттен бөлек Ресейдің қорғаныс министрінің Сергей Шойгу шақыртуымен келген еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысты.
Еске салайық, бұған дейін Мәскеуге Жеңіс шеруіне қатысуға қай елдің президенттері келгені жайлы айтылған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр