Қазақстандық оқушылар Ресей мектептерінде қашықтан білім алып жатыр: Білім министрлігі жауап берді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында қазақстандық ата-аналардың балаларын шетелдік мектептерге беріп жатқанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр кез келген ата-ананың баласы білім алатын жерді таңдауға құқылы екенін айтты. Алайда, бұл тек қана қосымша білім үшін рұқсат етілген. Дегенмен, мұндай нақты жағдайларға қатысты министрліктің хабары жоқ.
"Қазір елімізде әртүрлі ақпараттар тарап жатыр. Қазақстандық оқушылар басқа мемлекеттерден онлайн білім алып жатыр деген нақты ақпарат болса, бізбен бөлісулеріңізді сұраймыз. Бірақ жалпы балалар Қазақстанның мектептерінде білімдерін жалғастырып жатыр. Дегенмен, бұл - ата-аналар мен оқушылардың өз құқығы. Қосымша білім ала алады. Ондай мүмкіндіктер бар", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды