Қазақстандық оқушылар күзгі каникул кезінде қанша күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандық оқушылардың бірінші тоқсаннан кейін қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, демалыс 5 қарашада басталады.
"Күзгі қаникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады", - дейді баспасөз қызметі.
Осыған дейін, каникулдың қашан басталатыны туралы жазған болатынбыз.
"Каникул уақытын ауыстыру жоспарланбаған. Әдеттегідей бірінші тоқсанның соңында 5-15 қараша аралығында өтетін болады", - дейді министрлік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған