AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұнай экспортына қауіп төнді: Мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуы мүмкін

Қара теңізде болған дауылдан Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі құбырға айтарлықтай зақым келді. Аталған құбыр арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының үштен екісі сыртқа тасымалданатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі компанияның сайтына сілтеме жасап. 

Консорциумның теңіз терминалын кезектен тыс тексеру кезінде үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.

"Олқылықты уақытында анықтау нәтижесінде мұнайдың Қара теңіз акваториясына төгілуіне жол берілмеді", - деп хабарлады консорциум.

Бұдан бөлек екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.

Каспий құбыр желісі консорциумы қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетуі мүмкін деп отыр. Осыған байланысты кәсіпорын алдағы уақытта мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуға мәжбүр болуы ықтимал.

Сонымен қатар бірінші және екінші айлақ құрылғысын қосымша тексеру жоспарланған.

Ресей Энергетика вице-министрі Павел Сорокиннің айтуынша, аталған ақауды жөндеу үшін 1,5-2 айдай уақыт кетеді екен. Яғни, мұнай экспортының көлемі тәулігіне 1 млн баррельге дейін төмендейді деген сөз.

Ал еліміздің энергетика министрлігі қазір консорциуммен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта энергетика министрлігі теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша Каспий құбыр желісі консорциумымен кеңес жүргізіп жатыр. Сонымен қатар экспортталатын мұнайды балама бағдар арқылы жөнелтуді ұлғайту мәселесі де пысықталуда", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сарапшылар Еуропаға тасымалданатын мұнай көлемі күрт азайғандықтан оның бағасы барреліне 150 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деген болжамын айтып отыр. Бұл жағдай қазақстандық мұнай өндіруші компанияларды да тығырыққа тірейді.

Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды.

Өйткені, аталған құбыр арқылы еліміздің экспорттық мұнайының үштен екісі сыртқа тасымалданып жатыр. Атап айтқанда, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кеніштерінен шыққан "қара алтын" осы құбыр арқылы өтеді.

Каспий құбыр желісі консорциумының үлесіне "Транснефть", "Роснефть", "Лукойл", "ҚазМұнайГаз", Chevron, Mobil, Shell, Eni сынды компаниялар иелік етеді.

АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр