Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық құрылыс компанияларына тұрғын үй бағасын төмендету туралы талап қойылған: Олар бағаны өзара келісіп көтергені дәлелденді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бірнеше құрылыс компаниясына жаңадан салынған тұрғын үй бағасын төмендетуді міндеттеді. Бұл тізімде "Базис-А", "RAMS Qazaqstan", "BI Group", "Орда Строй Групп" ЖШС, "Отау Строй" ЖШС, Достык Инвест групп" ЖШС, "Евразиян Билдинг" ЖШС, "Проф Инвест" ЖШС, "Халық билдинг" ЖШС, "Жилой Фонд" ЖШС, "Инвесткомплекс" ЖШС, "Нектар" Өндірістік корпоративі, "Завод Светотехника_W" ЖШС, "Достар май" ЖШС, "Service СМУ" ЖШС мен "VK Invest company" ЖШС бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үйлер

Кей құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын 20%-ға дейін өсірген. Агенттік өкілдері компаниялардың "тұрғын үй нарығындағы бағаны белгілеу және ұстап тұру үшін бәсекелестікке қарсы өзара келісілген әрекет" жасағанын мәлімдеді. 

"RAMS Qazaqstan" компаниялар тобы Алматыдағы тұрғын үй кешендеріндегі бағаны 15%-ға немесе әр шаршы метрі үшін 90 мың теңгеге дейін төмендетті. "Базис-А" компаниясы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінде шаршы метр бағасын 20 мың теңгеге дейін төмендетті. "BI Group" компаниясында Нұр-Сұлтандағы 51 бірінші нарықтағы тұрғын үйлерде бағаны орташа 8%-ға, Алматыда 11%-ға, Шымкентте 3%-ға және Атырауда 4%-ға төмендетті. Өзге құрылыс компаниялары талапты орындап, бағаны орташа 15-20%-ға төмендеткен", – деп қосты агенттік өкілдері. 

Алайда тізімге енген компаниялардың барлығы өз міндеттемесін орындамаған. 

"Нұр-Сұлтанда "Орда Строй Групп" ЖШС талапты орындамауына байланысты тергеу басталды", – деп қосты Бәсекелестікті қорғау және дамыты агенттігінің өкілдері. 

Агенттікке тиісті ақпаратты ұсынбаған компанияларға қатысты 21 әкімшілік хаттама толтырылған. Сот шешімімен құрылыс компанияларына 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар компаниялармен монополияға қарсы 7 келісім жасалды. Ұйымдар бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы сақтауға міндеттелді. 

Талқылау