Қазақстандық қос зілтемірші Азия чемпионатында жеңіске жетті
20 шілдеде ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Ташкентте өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
73 келіге дейінгі сламақ категориясында Емберді Едіге 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды. Қазақстандық ауыр атлет 309 (136+173) келі нәтижесімен көш басына шықты. Сонымен қатар "жұлқи көтеруден" Азия рекордын жаңартты.
67 келіге дейінгі салмақта Әлішер Байбуров Азия чемпионы атанды. Серпе көтеруде 155 келіні сәтті көтерген ол екі рет жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазақстандық зілтемірші Екатерина Алякина жұқли көтеруден 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңді. Қоссайыс нәтижесінде ол 178 (79+99) келі көтерді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”