Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қоғам белсенділері сенатқа #СалтанатҮшінЗаң атты 5 мыңнан астам хат жолдады

Қазақстандықтар үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, Сенатқа #СалтанатҮшінЗаң деген 5 мыңнан астам хат жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Instagram желісінен

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының мәліметінше, бұл – еліміздегі халықтың жаппай қатысқан петициясы.

"Алғашқы үш күнде-ақ қазақстандықтар парламентке 5 мыңнан астам хат жолдады. Тағы он мың азамат заңға онлайн қолдау білдірді. Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан кейін 2023 жылдың қараша айында басталған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция Қазақстан тарихындағы халықтың жаппай қатысқан петициясына айналды. Қысқа мерзім ішінде ол 150 мыңнан астам қол жинаған", – делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Бастамашыл топ зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын кейінге қалдыру немесе қабылдамау қаупі әлі де бар екенін атап өтті. Қор хат жіберу үшін eOtinish сайтына кіріп, "өтініш беру" батырмасын басу қажет екенін түсіндірді.

"Әрі қарай жүйеден "Кодекс түрін" басып, "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті" таңдау қажет. Сосын "өтініш" батырмасын басыңыз. Өтінішті "Кодекстің түрі" бағанында берген кезде бірінші тұрған "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті" таңдауға болады. "Мемлекеттік орган" бағанында "ҚР Парламенті Сенаты" көрсету керек. Осыдан кейін сіз хатқа бірінші абзацты енгізе аласыз. "Файлдар" бағанында құрылғыға алдын ала сақталған Сенат хатын тіркеу қажет. Жеке деректерді көрсетіп, беру нысанын толық толтырғаннан кейін ЭЦҚ-мен қол қойыңыз", – делінген хабарламада. 



2021 жылы Қазақстан парламенті "әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдамаған еді. Мұнда отбасылық-тұрмыстық және қоғамдық салалардағы зорлық-зомбылықты қамтитын зорлық-зомбылықты криминализациялау қаралады. 

Еске салсақ, "Салтанат үшін" бейбіт митингі тіпті Италия мен Германияда да өткенін хабарлаған едік. 

Талқылау