Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италия мен Германияда "Салтанат үшін" бейбіт митингі өтті

Италия мен Германияда күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт митинг өтті. Митингке қатысушылар Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды күшейтуді талап етті. 

6 сәуірде Италияның Сицилия провинциясындағы Мессина қаласында оқитын қазақстандық студенттер өз әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп сотқа тартылған Бишімбаевтың сотына қатысты бейбіт жиын жасады. 

30-ға жуық адам мерт болған Салтанат Нүкенованың фотосы бар плакаттарды ұстап шықты. Қазақстандық студенттермен қатар Италияның феминистік ұйымы және қырғызстандықтар қолдады. 

7 сәуірде Германияның Берлин қаласында 120-ға жуық адам қатысқан митинг өтті. Олар Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауды талап етті. Сөздерінше, Салтанат Нүкенова Қазақстандағы күйеуінің қолынан қаза тапқан бірінші әйел емес. Германиядағы қазақстандықтардан бөлек үндістандық, әзірбайжандық, қырғызстандық, түркісменстандық, өзбекстандық, украиналық және оңтүстік кореялық азаматтар да митингке қатысты. 

Талқылау