Қазақстандық қызметкерлерге шетелдік тәлімгерлер бекітіледі
Еңбек министрлігі қазақстандық қызметкерлерге тәлімгерлік ұйымдастыру қағидаларының жобасын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Егер жұмыс беруші шетелдік жұмысшыларды жұмысқа алатын болса, қазақстандық жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін оларға 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге тәлімгерлер тағайындауы тиіс.
Тәлімгер – өндіріс технологияларын немесе қызмет көрсету саласын жетік меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға жетекшілік ететін кәсіпорынның білікті шетелдік қызметкері.
Тәлімгерді тағайындау және оны ауыстыру ол жұмысқа кіріскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Әр қызметкерге бір тәлімгер бекітіледі.
Тәлімгерлік мыналарды қамтиды:
- тәлімгерлік жоспарын құру және бекіту;
- жоспарды жүзеге асыру;
- интерннің Жоспардың орындалуы туралы есеп дайындауы.
Жоба 17.10.2023 жылға дейін "Ашық заңды және заңды тұлғалар" порталында жарияланды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді