Қазақстандық қызанақ пен бұрыштан қауіпті вирус табылды
"Россельхознадзор" Алматы және Ақтөбе облыстарынан Ресейге қызанақ пен бұрыш жеткізуге шектеу енгізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап Ресейге Қазақстан Республикасының Алматы және Ақтөбе облыстарынан қызанақ пен бұрыш жемістерін жеткізуге тыйым салады, - делінген "Россельхознадзор" хабарламасында.
Себебі, бұған дейін Ресей аумағына аталған қазақстандық облыстардан жеткізілген жаңа піскен қызанақтарда қызанақ жемістерінің қоңыр мыжылған вирусы анықталды (оған Россельхознадзор уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізген).
21 желтоқсанда Россельхознадзор ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің атына өнімде қауіпті вирус анықталғаны туралы нотификация жіберген, ал 28 желтоқсанда келіссөздер барысында Ресей ведомствосы қазақстандық тарапты қалыптасқан жағдай туралы қосымша хабардар етіп, тергеу нәтижелерін және Ресейге қауіпті вирустары бар өнімді жеткізуге жол бермеу үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат беруді сұраған.
"Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан тарапынан ешқандай реакция болған жоқ", - деп нақтылады "Россельхознадзорда".