БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық қыз Қытайда жұмбақ жағдайда көз жұмды: Полиция себебін атады

Қытайда көз жұмған қазақстандық студент қыздың өліміне қатысты қайта тергеу жүргізілді. Оның нәтижесінде қыздың өліміне қайғылы жағдай себеп болғаны расталды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайда қазақстандық студент қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Сурет: Tengrinews.kz

Шанхайдағы қазақстандық консулдықтың өкілдері қыздың ата-анасына қайғылы хабарды жеткізіп, Қытайға баруы үшін құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Сонымен қатар елшілер оларға қоғамдық қауіпсіздің департаменті, марқұм оқыған университеттің өкілдері және сақтандыру компаниясы қызметкерлерімен кездесуіне көмектесті. 

Жергілікті полиция Сандира Серікханованың туыстарына студент қыз көз жұмған үйдің подъезіндегі бейнебақылау камерасындағы жазбаны ұсынды. 

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, тергеу қыздың қайғылы жағдайдың салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Оны әлдекімнің өлтіргені туралы нұсқа жоққа шығарылды. 

Марқұмның денесі отанына жіберілгеннен кейін, оның әкесі Шанхайдағы елшілерге жүгініп, істі қайта қозғауын сұраған. Қазақстанның бас консулдығы тиісті өтінішті КХР полициясына жіберіп, іс қайта қаралды. 

«Қытай полициясы қайта жүргізілген тергеу нәтижесінде қыздың қайғылы жағдай салдарынан көз жұмғанын растады. Өлтіру нұсқасы жоққа шығарылды», - делінеді СІМ хабарламасында.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Чанчжоу қаласында 23 жастағы қазақстандық студент Сандира Серікханова тұрғын үйдің 17-қабатынан құлап кетіп мерт болған еді. Оның өлімінің ресми нұсқасы суицид делінгенімен, марқұмның ата-анасы қыздарының өзіне қол салғанына сенбеді.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"200 мың доллар бердім": Қайрат Әділгерей қалай "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі болды

Әзілкеш бағдарламаға қатысты пікірлерді оқымай қойған

ЖОО түсу үшін өтініш берерде нені ескеру қажет? БҒМ жауап берді

Министрлік көптеген ЖОО-да жоспардан тыс тексеру өтіп жатқанын айтты

Қарағанды әкімдігі жетім қыздан үйін тартып алмақ

Ксения Горшкова анасының үйі туралы бір жыл бұрын ғана білген

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған