Қазақстандық қыз Антарктиданы жүзіп өтті
Триатлоннан тұңғыш "Қазақстанның темір ханымы" атанған қыз Антарктиданы жүзіп өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Анель Сытдықованың жеке мұрағатынан
Қазақстандық Анель Сытдықова 10 күн Антарктидада жүзді.
“Антарктидаға 10 қарашада Дрейк өткелі арқылы екі күн жүзгеннен кейін келдік. Халықаралық мұзда жүзу қауымдастығы ұйымдастырушысы және негізін қалаушы Рам Баркай бастаған топта Оңтүстік Африка, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Малайзия, Аустралия және Қазақстаннан келген 13 жүзгіш және бір дәрігер болды. Арамызда Ice Seven титулының иеленген үш адамның бірі Кейт Стилс пен Oceans Seven титулының иегері Линтон Мортенсен сияқты тұлғалар болды", – деді Анель Сытдықова.
Оның айтуынша, Антарктидада болған 10 күн ішінде ол күнде жүзе алмаған. Себебі ауа райы жағдайлары мен кеме режимі келмей қалған сәттер болды, кемедегі қалған 150 жолаушы да әсер етті.
"Антарктидада жоспарланған қашықтық пен жылдамдыққа қарамастан, Антарктида рұқсат еткенше жүзесіз. -1,4 градустағы суық суда жүзу, 35 км/сағ жел соғы, айсбергтер мен пингвиндерді тамашалау қызық тәжірибе болды", – деді қазақстандық әйел.