Қазақстандық қыз АҚШ-та хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды
Отандасымыз қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбаева АҚШ-тағы хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімдеді.
«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында. Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Былтыр Бұлбұл Қартанбаева америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген