Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланған: "Қазақмыс" оның қашып жүрмегенін мәлімдеді

"Қазақмыс” қазақстандық кәсіпкер, компанияның топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа Қырғызстанда іздеу жарияланғанына қатысты ақпаратқа түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/gknb.official

Бұған дейін желіде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматы, "Қазақмыс Холдинг" ЖШС топ-менеджері, "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компанияларының акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болған.


Қазақстандық шенеуніктердің АҚШ-та сатып алған мүліктері жарияланды


"Владимир Жұманбаевтың Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында көрсетілген құрылымдарға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Ол қазір еңбек демалысында. Жұманбаев ешкімнен қашып жүрген жоқ, тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Сонымен бірге, Қырғызстан тарапынан "Қазақмыс", "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компаниялар тобына қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ", –  делінген хабарламада.

"Вертекс Голд" компаниясының иесі Владимир Жұманбаев Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке ілінді. Деректерге сай Жұманбаев Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біле тұра бірлескен бизнес-жобаларды жүргізу үшін онымен байланыс орнатқан.

Тергеу мәліметтері бойынша, Жұманбаевтың Қырғызстандағы алтын өндіруші компаниясы 2021 жылдан 2023 жылға дейін ай сайын 1 миллион сомды қылмыстық ұйымға жіберіп отырған.

Талқылау