Қазақстандық гимнастшы Азия чемпионатында алғаш рет үздіктер қатарынан көрінді
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Аида Бауыржанова Азия чемпионатында тұңғыш рет медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлде жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, алдына Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана жіберді. Дегенмен отандасымыз көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж олимпиадасына іріктеуден өте алмады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық гимнастшы Милад Каримидің спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алғанын жазған едік.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ

