Қазақстандық гимнастшы Азия чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды
Милад Карими спорттық гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Олимпиада жолдамасының иегері Милад Карими Ташкенттегі Азия чемпионатының көпсайыс бағдарламасында 84.632 ұпай жинап, күміс жүлде еншіледі. Ол тек әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юлоға есе жіберді. Бұған дейін отандық гимнастар жекелеген снарядтарда жүлде алғаныман, құрлық додасында көпсайыс қорытындысы бойынша тұғырға шықпаған. Сондықтан Миладтың көпсайыста күміс медаль алуын тарихи жетістікке бағалауға болады.
Айта кетейік, Ташкенттегі Азия біріншілігінде Париж олимпиадасының жолдамасын алған Нариман Курбанов та бақ сынайды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

