Қазақстандық екі боксшы World Boxing әлем чемпионатының финалына шықты
АҚШ-тың Пуэбло қаласында Word Boxing Халықаралық федерациясы ұйымдастырып жатқан 19 жастағы спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қос спортшымыз финалға шықты.
Фото: ҚБФ
АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing ұйымының U19 Әлем чемпионатына төрт боксшымыз қатысты. Ұлттық құрамамыздан екі былғары қолғап шеберіміз финалға шықты. 65 келі салмақтың жартылай финалында Асылхан Көшербай украиналық спортшыдан басым түсті. Ол финалда Аустралиядан келген спортшымен алтынды сарапқа салады. Даниял Райымбеков 85 келіде финалға шығу жолында Оңтүстік Корея елінің боксшысын жеңді. Отандасымыз ақтық сында Уэльс өкілімен күш сынасады.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 2 қараша күні өтеді. Қос спортшымыздың да алтын алуға мүмкіндігі мол.
Талқылау
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр
Дәрігерлердің айтуынша, қазір елдің оңтүстігі мен солтүстігінде тұмау вирусының белсенділігі артқан
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді

